Қостанайдағы 18 жастағы Дарья Махартованың өлімі бойынша іс сотқа келіп түсті — Қылмыс

0

Қостанайда өлі табылған 18 жастағы Дарья Махартованың өлімі бойынша іс сотқа келіп түсті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Alau.kz басылымына сілтеме жасап.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше, 25 желтоқсанда Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына Р.Ю. Ажановқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі, 120-баптың 2-бөлігі, 1-тармағы, 99-баптың 2-бөлігі 5,7,10-тармақтары бойынша, А.А.Шевченкоға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 2-бөлігі, 1-тармағы, 121-баптың 2-бөлігі, 1,2-тармақтары, 99-баптың 2-бөлігі 5,7,10-тармақтары бойынша қозғалған қылмыстық істер келіп түсті.

Еске салайық, іс-түссіз жоғалған Затобол ауылының 18 жастағы тұрғыны Дарья Махартованың денесі 21 шілдеде Қостанай облысының шетінде табылған болатын. Іс бойынша екі күдікті ұсталған еді.


Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz