Қостанайда мас күйінде көлік жүргізген кәсіпкер қамалды

0

11 қаңтардан бастап алкогольді ішімдік ішіп, рөлге отырған жүргізушілер үшін жазаны қатаңдататын заң күшіне енді 

НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. Қостанайда мас күйінде көлік жүргізген 35 жастағы кәсіпкер сот шешімімен 15 тәулікке қамалды. Одан бөлек 7 жылға дейін көлік тізгіндей алмайды.

Әкімшілік кодекстің 608-бабы 1-бөліміне өзгеріс енгізіліп, жазаның күшейтілгенін жеке кәсіпкер білмесе керек. Ол досының туған күнінде сыраға сылқия тойып, қала шетіне таксимен қайтпақ болыпты. Көпке дейін такси келмеген соң, көлігін тізгіндепті. Мас күйінде машина жүргізген жігітті полицейлер он екінші қаңтар күні ұстаған. Оны арнайы орталыққа жеткізіп, ішімдік ішкені жөнінде қорытынды жасатқан, деп хабарлады «Астана» арнасы.

Айыпталушы да сыра ішіп, көлік айдағанын бірден мойындаған.

«Сыра іштім. Досымды үйіне жеткізіп салайын деп көлік тізгіндедім. Такси шақырып едік, көпке дейін келмеді. Сосын жүре берейік деп шештік. Бірақ діттеген жерімізге жете алмадық», – дейді айыпталушы.

Жеке кәсіпкер журналистерді көре салысымен, видеотүсірілімге қарсы екенін білдірді. Тіпті ата тегімді атап, келбетімді көрсетпеңдер деп өтінді. Айтуынша қарамағында он шақты адам жұмыс істейтін көрінеді. Қамалатын болса, қалғандарының ісі тоқтап қалмақ. Сот айыпталушының өтінішін ескермеді.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда 11 қаңтардан бастап бірнеше заң күшіне енді

«Әкімшілік кодекстің 608-бабы 1-бөлімі бойынша құқықбұзушылық жасағаны үшін айыпты деп танылсын. 15 тәулікке қамауға алынып, көлік құралын басқару куәлігінен 7 жылға айырылсын», – деп үкімді оқыды Қостанай облыстық мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Әсел Спанова.

Жеке кәсіпкер 10 жыл бұрын жүргізуші куәлігін алғанын айтты. Бұған дейін мас күйінде көлік тізгіндеп, әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған. Сот оның кішкентай екі баласы барын, екі аптаға басшысыз қалған қалың жұмысшыны да ескерген жоқ. Бәлкім бүгінгі сот басқаларға сабақ болсын деген болар.   



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз