Қостанайда коронавирус жұқтырған ерлі-зайыптылар Мысыр елінен оралған – Қазақстан жаңалықтары

0

Қостанайда коронавирус жұқтырған ерлі-зайыптылардың жақында Мысыр елінен келгені белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус

Коронавирус жұқтырған1990 және 2000 жылғы ерлі-зайыпты Тобыл қаласында карантиндік станционарда жатқан көрінеді. Екеуі де Қостанай қаласының тұрғындары.

«Бұл азаматтар бұрын ауырған науқаспен байланыста болған және Шарм-эль-Шейхтен (Мысыр) Алматы қаласына келген. Алматы қаласында алдын ала алынған талдаулар теріс нәтиже көрсеткен. Осыған байланысты олар тұрғылықты жері Қостанай облысына жол жүрген. Қазір ерлі-зайыптылармен бірге болған вагондағы 12 адам карантиндік госпитальға жатқызылды», – делінген ресми хабарламада.

Дәрігерлердің науқастар жағдайы қанағаттанарлық екендігін айтып кетті. 

Өз кезегінде Қостанай облысының ақпараттық штабы тұрғындарды аурудың алдын алу шараларын сақтауға шақырып, үйден шықпауға кеңес берді.

 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз