Қостанайда бүтін бір ықшам ауданның тұрғындары өз еркімен оқшаулануға шешім қабылдаған — Қазақстан жаңалықтары

0

Қостанайда бүтін бір ықшам ауданның тұрғындары өз еріктерімен оқшаулануға шешім қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «31» арнаға сілтеме жасап.

карантин

Қостанайдағы «Аэропорт» ықшам ауданының тұрғындары қаланың карантинге жабылуын күтпей, өздерін оқшаулауға кіріскен. Кіреберіске бетоннан жасалған қоршау қойып, орталық кіру жолына санитарлық бекет орналастырған. 

«Егер біз барлығын бекітіп, тек 30 пайызын ғана ашық қалдырсақ, онда бұл аурудың таралуы 70 пайызға кем болса, мұның өзі бір нәтижені білдіреді. Бірақ біз бүгінгі таңда тек автокөлік транспортын тоқта аламыз,», — деді бастамашы топтың мүшесі Күшербай Ералиев. 

Белсенділер өз еріктерімен санитарлық пекетте кезекшілікке шығуға келіскен. Ал полиция қызметкерлері олармен бірге тәртіпті бақылайды.

«Құжаттарын тексереміз. Егер ол осы ықшам ауданның тұрғыны болса, оны кіргіземіз. Ал егер шеттен келсе, оның қайдан, кімге келгені жайлы толық білуіміз керек», — деді Қостанай қаласы полициясының жергілікті полиция басқармасы қызметінің бастығы Марат Сахратов.

Бұл — Қазақстанда жергілікті тұрғындар өздері оқшаулануды қалаған алғашқы жағдай. Жергілікті билік тұрғындардың шешішім қолдап, оларға көмек көрсететін мәлімедеді.

«Жергілікті билік бетон қоршауларды қою, қажетті құралдар секілді, тіпті, вагондарды өз мойнына алды. Бақылау жүргіземіз, міндетті түрде, жұмысқа арналған орындықтар мен үстелдер болады», — деді Қостанай қаласының әкімдігінің «Тұрғын үй қатынастары бөлім» ММ бастығы Геннадий Колчанов.

Алайда, бәрі бір қарағандай керемет емес. Себебі, ықшамаудана 7 мың тұрғын бар, белгілі болғандай,  олардың бәрі оқшаулануға келісімін білдірмеген. Бірақ, келіспейтін тұрғындар өз ұстанымдарын ттек әлеуметтік желіде, анонимді түрде ғана жазған. 

 

 

stan.kz