Қостанайда 26 жастағы әйел өзін және екі баласын жарақаттады

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Әйелді мұндай қадамға не мәжбүр еткені әзірге белгісіз. Қазір ол қалалық аурухананың травматология бөлімінде жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір – Sputnik. Қостанайда 26 жастағы әйел өзін және екі баласын жарақаттады. Бұл туралы Костанайские Новости денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлады.

«Шақырту түнгі сағат үште түсті. 26 жастағы әйел қалалық аурухананың жарақат бөліміне жеткізілді. Өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Әйел білегін жарақаттаған», – деді басқарманың баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаева.   

Әйел екі баласына да пышақ жарақатын салған. Олар облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Бір және үш жасар балалардың да білегі кесілген. Дәрігерлердің айтуынша, әйелдің психикалық ауруы қозып кеткен.

Қарағандыда сырттан үйіне келген ер адам жантүршігерлік қылмыстың үстінен түскен

Қазір оның жағдайы тұрақты. Ол қалалық аурухананың травматология бөлімінде, ал балалар балалар ауруханасының травматология бөлімінде жатыр.

Әйелді мұндай қадамға не мәжбүр еткені әзірге белгісіз.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз