Қостанай соты күйеу баласын өлтірген танымал қазақстандық боксшының есі дұрыс емес деп тапты — Қазақстан жаңалықтары

0

Қостанай соты өзінің күйеу баласын пышақтап өлтірген бокстан әлем чемпионы Аслан Мұқановты есі дұрыс емес деп тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

боксшы

Спортшы былтырғы жылдың шілде айында өзінің туған қарындасының күйеуін өлтірді деген күдікпен ұсталыпты. Бүгін танымал спортшыға сот үкімі шығарылды. Сот шешіміне сәйкес, оның есі дұрыс емес деп танылып, боксшы жазадан босатылған. 

«Сот Мұқанов Аслан Сапарғалиұлын қылмысты өз ес-тұсын білмеген күйде орындаған деп тапты. Сол себепті Мұқановқа қатысты тергеу тоқтатылып, азамат қылмыстық жауапкершілктен босатылсын», — делінген сот шешімінде. 

Айыпталушы мәжбүрлі түрде Алматы облысында орналасқан психиаторлық станционарға жабылатын болды. Бұған қоса сот өкілдері боксшының бұрыннан психикалық ауытқушылыққа ұшырағанын атап өтті. 

Еске салайық, 31 жастағы Аслан Мұқанов қарындасының үйіне келіп, оның ұйықтап жатқан күйеуінің тамағына бірнеше рет пышақ сұғып өлтірген. Қылмыскер көп ұзамай қолға түсіпті. 

Айта кетейік, қазақстандық спортшы 2018 жылдан бері жекпе-жекте бақ сынасып келген. Ол елімізде өткен үш сайыста жеңіске жетіп, халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын алған. 

 

stan.kz