Қостанай облысында студент терезеден құлаған 3 жасар баланы ұстап алды — Қазақстан жаңалықтары

0

Жітіқара ауданының полиция бөлімінде терезеден құлаған баланы аман алып қалған студенттің анасы марапатталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

4 сәуірде Жітіқара ауданы Жітіқара қаласының полиция бөлімінің «102» пультіне 7-ші шағын аудандағы үйлердің бірінде үшінші қабаттан құлап, тірі қалған бала жайлы хабарлама түсті. Сол күні үйде болған Темірлан Әбдіғалиев баланы аман алып қалды. Ол қарама-қарсы үйдің үшінші қабатындағы ашық терезеден үш жасар бала көрді.

Темірлан еш ойланбастан көшеге шығып, баланың үйіне қарай жүгірді. Бала ән айтып тұрып, қолын босатқанда, құлап кетті. Жігіт баланың аяғынан ұстап үлгерді. Баланың бір аяғы жерге тиген, алайда ешқандай жарақат алмаған. Бақытымызға орай, бәрі жақсы аяқталды.

«Мен үйде шәй ішіп отырдым, кенеттен көрші үйдің терезесінде тұрған кішкентай баланы көрдім. Мен тез арада күртемді киіп, сол жерге жүгірдім. Үйге жақындағанда, қорқып тұрған баланы көрдім. Содан кейін ол төмен қарай құлап кетті», — дейді Темірлан.

Кейіпкердің айтуынша, оның көз алдында бұл сурет және нәрестенің бақырайған көздеріұзақ уақыт бойы есінен кетпей қойған.

«Мен бұл оқиғаның қалай аяқталатынын ойлағым да келмейді, өйткені ол жерде асфальт болды», — деп еске алады Темірлан.

Аудандық полиция бөлімі бұл ерлік әрекетін назардан тыс қалдырған жоқ. 20 мамырда департамент бастығы, полиция подполковнигі Болат Иманов құтқарушының анасы Анар Шакуоваға алғыс хат тапсырды. Жеке құрам атынан оның ұлына адам өмірін сақтап қалудағы батылдығы үшін алғыс білдірді.

Кішкентайдың өмірін сақтаған батырдың өзі қазір Ақтөбе қаласында. Ол «Баишев жоғары медициналық колледжінің» үшінші курс студенті.

stan.kz