Қостанай облысында коронавирус жұқтырғандар Шарм-эль-Шейхтен ұшып келген — Қазақстан жаңалықтары

0

Қостанай облысында коронавирустың тағы екі жағдайы анықталды. Вирус жұқтырғандар мысырлық Шарм-эль-Шейхтен ұшып келген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі мемлекеттік комиссияның жедел штабына сілтеме жасап.

«Бұл жағдайлар Қостанай қаласының тұрғындары, 1990 және 2000 жылы туған жұптар, олар Тобылдағы карантиндік ауруханада жатыр. Айта кету керек, бұл азаматтар бұрын ауырған азаматпен байланыста болған және бірлесіп Шарм-эль-Шейх — Алматы рейсімен келген. 

Естеріңізге сала кетейік, алғашқы науқаста ауру Алматыдан келген сәттен бастап 13-ші күні дамыған. Тиісінше, жақын байланыста болған екі адамда ауру 13-ші күні осы науқаспен тығыз байланыста болған кезден бастап дамыды. Бұл адамдар тобына көбірек көңіл бөлініп, бақылау жасалды. Қазіргі уақытта олар карантиндік ауруханадан облыстық аурухананың инфекциялық бөліміне ауыстырылуда», — делінген ресми хабарламада.

Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. 7 сәуірдегі жағдай бойынша Қостанай облысында COVID-19-дың 3 жағдайы тіркелді.

stan.kz