«Қонаев тұрғанда жас буынға ұят»: Димаш Құдайберген Алматыдағы мурал туралы пікірін айтты

0

Алматы қаласында Қабанбай батыр мен Сәкен Сейфуллин көшелері қиылысында Димаш Құдайберген туралы мурал пайда болды.

Бұл туралы әнші: «Керемет мурал салыныпты.
Жерлестердің сыйлығын көргенде жүрегіме жылулық орнап, іштей рахметімді айтқан болатынмын.
Алайда, Димаш Қонаевтай ұлы тұлғаларымыз тұрғанда жас буын өкілі өзінің алып суреті жайлы жар салғаны ұят болар дедім де, үндемедім.
Қазіргі таңда, осынша қиын жұмысқа еңбегі кеткен азаматтарға алғыс айтуды жөн көріп отырмын.
Қадірлі суретшілер, қолдарыңыз дерт көрмесін, туындыларыңыз жер шарын шарлап, қазақтың атын биікке көтерсін.
Және барша қолдаушыларыма шын жүректен алғыс білдіремін.
Үлкен рахмет!» деді.

https://www.instagram.com/p/CDa0NCagkdw/