ҚХЛ матчында жаппай төбелес болды

0

Хоккейден Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері Андрей Назаровтың қазіргі кезде жаттықтырып отырған «Нефтехимик»  пен «Салават Юлаев» командалары (2:3) арасында жаппай төбелес болды.

Ойынның үшінші кезеңінің соңында уфалықтардың форварды Эдуард Гиматов Павел Здуновқа қарсы күш қолданған. Здуновқа болысқан командалық досы Глеб Семенов Гиматовқа тарпа бас салды. Сонымен бірге, Рафаэль Бикмуллин мен Станислав Гареев  жаға жыртысты.

Ақыры Гиматов Здуновқа қарсы фол үшін «5+20» және төбелес шығарғаны үшін бес минут ойыннан тыс қалды. Ал Семенов матчтың соңына дейін шығарылса, Бикмуллин мен Гареев тек төбелес үшін жазаланды.