ҚазҰУ еуропалық жетекші университеттер қатарына қосылды

0

2018 жылғы 14 желтоқсан 09:51 118

«ARES» рейтингі: ҚазҰУ еуропалық жетекші университеттер қатарына қосылды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Academic Ranking of World Universities-European Standard» («ARES») атты беделді еуропалық рейтинг бойынша Қазақстанның жоғары оқу орындарының арасында көшбасшы болды, деп хабарлайды аталған ЖОО баспасөз қызметі.

Ол өзінің «АА» көрсеткіштері бойынша еуропалық жетекші университеттердің қатарына кіріп, «А+» және одан төмен бағаларға ие болған басқа қазақстандық ЖОО-дың анағұрлым алдында тұр.

Еуропалық ғылыми-өндірістік палатасы жүргізетін жоғары оқу орындарының рейтингісінде келесі көрсеткіштер ескеріледі: жоғары сапалы білім беру; зерттеу және инновациялық қызмет, жұмыс берушілердің түлектерге сұранысы және т.б. Университеттердің студенттерді кәсіби білім мен біліктілікпен, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысумен, сондай-ақ болашақ жұмыс берушілермен байланыс орнатумен қамтамасыз етуге қабілеттілігіне ерекше назар аударылады.

«ARES» халықаралық рейтингісі 2011 жылдан бері жүргізілуде, ол мемлекеттер бойынша қызметі еуропалық стандарттарға сәйкес келетін университеттерді саралайды. Биылғы жылы аталмыш рейтінгіде Қазақстанның 96 жоғары оқу орны қатысты. «ARES»-тің нәтижелерімен әлемнің жетекші рейтингілік агенттіктері санасады. 

«ARES» рейтингі: ҚазҰУ еуропалық жетекші университеттер қатарына қосылды 
«ARES» рейтингі: ҚазҰУ еуропалық жетекші университеттер қатарына қосылды 

ҚазҰУ әлемдік деңгейдегі ғылыми-зерттеу университетіне айналу бойынша мақсатты жұмыс жүргізуде және ғаламдық ғылыми-білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілеттілігін арттыруда, бұл оның халықаралық рейтингілерде табысты ілгерілеуіне ықпал етеді. 

 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз