«Қазпоштаның» Балқаштағы бөлімшесінде қыздар төбелесті – видео

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

«Қазпошта» оқиғаның мән-жайы анықталғанын хабарлады: жанжал операторға шабуыл жасаған стажердің кінәсінен болған. Соған қарамастан операторға сөгіс жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым – Sputnik. «Қазпоштаның» Балқаштағы бөлімшесінде қыздар төбелесті. Тұрмыстық жанжалды стажер бастаған. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға компанияның қызметкерлері хабарлады.

Куәгерлер төбелесті видеоға түсіріп, Instagram-да таратып жіберді. 

«Оқиға шынымен де Балқаштағы филиалдарымыздың бірінде болды. Жанжалды операторға шабуыл жасаған стажер қыз арандатты, ал біреу оны камераға түсіріп алған. Біз жағдайды білдік. Стажер жұмыстан шеттетілді, операторға сөгіс жарияланды», — деп түсіндірді Қазпошта.  

Компания барлық филиалда қызметкерлермен профилактикалық әңгімелесу, қызмет көрсету сапасы бойынша тренингтер өткізілетінін хабарлады.

«Мемлекеттік қызметшілер төбелесті»: полиция желіде тараған видеоға түсініктеме берді 

Бұған дейін Sputnik Қазақстан Шымкентте жаппай төбелес салдарынан 17 жастағы қазақстандық комаға түскенін хабарлаған болатын. Туыстарының айтуынша, жәбірленушінің басынан шлакоблокпен ұрған, ал саусақтарының тырнағы сынған. Кейінірек бозбала қайтыс болды.



sputniknews.kz