Қазақстанның оңтүстігінде төрт автовокзал жабылды

0

Тұрақты ауданаралық рейстердің саны 50 процентке азайды, тоғыз автобекеттің жұмысы уақытша тоқтатылды

НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз – Sputnik. Түркістан облысында бірнеше автовокзал жабылды. Тұрақты ауданаралық рейстер саны 50%-ке азайды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Уақытша жабылғандар:

  • Леңгір қаласындағы «Тау жұлдызы» автовокзалы;
  • Жібек жолы елді мекеніндегі «Дархан»;
  • Түркістан қаласындағы «Түркістан орталығы» және «Яссы».

9 автобекеттің жұмысы уақытша тоқтатылды:

  • Кентаудағы «Транзит сервис»;
  • Арыс қаласындағы «Арыс»;
  • Сарыағаш ауданы Жібек жолы елді мекеніндегі «Сайран Жібек жолы»;
  • Сарыағаш қаласындағы «Сарыағаш»;
  • Отырар ауданы Шәуілдір елді мекеніндегі «Нәлібек», «Сау Бол»;
  • Жетісай қаласындағы «Жаз»;
  • Түркістан қаласындағы «Мерей» және «Алтын орда».

Тағы оқыңыз: Қазақстанда төтенше жағдай режимін бұзған 60-тан аса адам қамауға алынды

Соңғы деректер бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 80 адамға жетті. Нұр-Сұлтанда – 41, Алматыда – 31, Қарағандыда – екі, Шымкентте – екі, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында бір-бір адамнан.

26 наурызда коронавирустан айыққан екі науқас ауруханадан шығарылмақ.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз