Қазақстанның мемлекеттік рәміздері күні: президент мерекемен құттықтады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

8 0 0

Президент елтаңба, ту, әнұран – тәуелсіздігіміздің басты құндылықтарының көрінісі, бейбітшіліктің, бірлік пен келісімнің, өсіп-өркендеудің белгісі екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым — Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаақстандықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады.

«Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын! Елтаңба, ту, әнұран – тәуелсіздігіміздің басты құндылықтарының көрінісі, бейбітшіліктің, бірлік пен келісімнің, өсіп-өркендеудің белгісі. Біз халқымыздың мүддесін қорғайтын күшті, беделді мемлекет құру жолында биік белестерге бірге жетеміз», – деп жазды Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.

Мемлекеттік рәміздер күні жыл сайын 4 маусымда аталып өтеді. 

1992 жылы 4 маусымда тәуелсіз қазақ елінің мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Ал 2007 жылдың 4 маусымынан бастап, қазақстандықтар бұл күнді мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекелей бастады.

Мемлекеттік рәміздерді кімдер жасады

Рәміздер жобаларын жасау конкурсына 600-ден астам адам қатысты. Мемлекеттік ту эскиздері бейнеленген шығармашылық конкурсына 1200 өтінім түскен. Сондай-ақ бұл байқауда болашақ елтаңбаның 245 сурет жобасы мен 67 кескіндемесі әрі әнұранның 750 нұсқасы ұсынылды.

1992 жылы өткен шығармашылық конкурста суретші Шәкен Ниязбеков салған мемлекеттік ту жеңіп шықты. Ал тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі елтаңбасы екі танымал сәулетші Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлихановтың қыруар еңбегінің жемісі болып саналады.

Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік әнұраны екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді.

 



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз