Қазақстанның ірі қалаларында мектеп оқушылары үшін сабақ болмайды — Ел жаңалықтары

0

27 желтоқсанда Қазақстанның бірқатар өңірлерінде аяз салдарынан мектептерде сабақ тоқтатылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Республика астанасында бірінші ауысымдағы 0-ден 4-сыныпқа дейінгі оқушыларға сабақ болмайды. Өскемен және Семей қалаларында бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері үшін сабақ тоқтатылды. ШҚО Зырян ауданында бірінші ауысымның 1-11 сынып оқушылары, колледждердің 1-2 курс студенттері үйде қалады. Қарағандыда бірінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылды. Теміртауда бірінші және екінші ауысымдағы 0-9 сыныптарға сабақ болмайды. Саранда 0-9 сынып оқушылары оқымайды. Балқашта да бірінші ауысымның 0-11 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды.

Павлодарда 1-11 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылды.


Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz