Қазақстанның 4 аймағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды – Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстанның 4 аймағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

Үш өңірде дауылды ескерту жарияланды

1 маусым күні Ақмола облысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метр, күндіз екпіні 23 метр болады.

Көкшетауда күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Ауа райы болжамының ықтималдылығы 85-90 %.

Қостанай облысында найзағай ойнап, жел тұрады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді.

Қостанайда 1 маусым күні найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, екпіні секундына 15-20 метр болады.

Ауа райы болжамының ықтималдылығы 90-95%.

Қызылорда облысында 42 градус ыстық болады. Солтүстік-шығыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Ауа райы болжамының ықтималдылығы 95-100%.

Павлодар облысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, солтүстік-батысқа қарай ойысады, жылдамдығы секундына 18 метрге жетеді.

Ауа райы болжамының ықтималдылығы 90 %
 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз