Қазақстаннан Ресейге бара жатқан автобус аударылды 

0
19 Қараша 2018, 16:37 58 0

Астана, BAQ.KZ. Автобус жыраға түсіп кетіп, аударылып қалған. Зардап шеккендер бар. Бұл жөнінде РИА Новости порталы хабарлайды.

Қазақстаннан Екатерибургке қарай бет алған автобус жыраға түсіп, аударылып қалған. Бір жолаушы зардап шекті.

Жол-көлік оқиғасы Мәскеу уақыты бойынша 06:30 шамасында Екатеринбург – Шадринск – Қорған тас жолында орын алды.

«Алдын ала мәлімет бойынша «Қазақстан – Екатеринбург» бағыты бойынша келе жатқан автобус жүргізушісі көлікті игере алмай қалып, соның салдарынан автобус жыраға түсіп кеткен. Көлік құралы бүйір жағына қарай аударылған. Салонда барлығы 17 адам болған», – деп жазылған хабарламада.

Жол апаты салдарынан 1985 жылы туған жолаушы зардап шеккен. Ол бас миының шайқалуы, басы мен қолының түрлі жарақатымен Белояр ауруханасына жеткізілді














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз