Қазақстанға радиация қаупі төніп тұр ма?

0

8 тамызда Ресейдің Архангельск облысындағы әскери полигонда реактивті қозғалтқыш қондырғысын сынақтан өткізу кезінде  жарылыс болды. Росатомның хабарлауынша, бес маман қаза тауып, тағы үшеуі зардап шекті

НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз — Sputnik. Қазақстанда радиация деңгейі көтерілген жоқ, деп хабарлайды «Қазгидромет» метеоқызметі Қазақстан аумағындағы радиация аясы мен атмосфераның радиациялық ластану деңгейіне жасалған зерттеуден кейін.

Ведомство хабарламасында Қазақстанның Ресей Федерациясына жақын орналасқан облыстарының 55 елді мекеніндегі 2019 жылдың 8-19 тамыз аралығындағы радиациялық гамма-аясының деректері ұсынылған.

  • Батыс Қазақстан облысы – сағатына 0,08-0,23 микрозиверт (мкЗв/сағ);
  • Ақтөбе облысы – 0,08-0,28 мкЗв/сағ;
  • Қостанай облысы – 0,07-0,19 мкЗв/сағ:
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 0,10-0,16 мкЗв/сағ;
  • Павлодар облысы – 0,04-0,24 мкЗв/сағ;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 0,08-0,21 мкЗв/сағ.

Қазақстанның санитарлық ережелері мен нормаларының 2015 жылғы №155 «Радиация қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға» сүйенсек, рұқсат етілген радиация мөлшері 0,57 мкЗв/сағ.

«Бета-белсенділерге жүргізілген лабораториялық талдау қорытындысы 2019 жылдың 5 қыркүйегінде жарияланады», – деп хабарлады «Қазгидромет».

Бұған дейін Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарт ұйымының атқарушы хатшысы Лассина Зербо жарылыстан кейінгі радиоактивті бөлшектер Қазақстанға жетуі мүмкін екенін айтқан болатын.

Тағы оқыңыз: Қазақстанның бас экологы Арыстағы жарылыстан кейін мәлімдеме жасады

Қазгидромет мәліметінше, 2019 жылдың 8-14 тамызы аралығында Архангельск, Северодвинск аудандарынан жылжыған ауа массасы Орал тауының солтүстік жағына сағатына 12 километр жылдамдықпен ығысып, Қазақстан аумағына жетпеген.

2019 жылдың 14-19 тамызында Қазақстанның басым бөлігіне Иран аумағынан Қазақстан арқылы Батыс Сібірге жылжыған жылы ауа массалары әсер етті.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз