Қазақстанға асыл тұқымды малды қай елдерден әкеледі

0

2018 жылғы 26 желтоқсан 15:18 183

Қазақстанға асыл тұқымды малды қай елдерден әкеледі

АСТАНА. ҚазАқпарат — Алдағы уақытта Латын Америкасынан асыл тұқымды мал жеткізу жоспарланған, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпаратына сәйкес, биыл шетелден 51 мың ірі қараны сатып алуға қаржы бөлінген. Осы уақытқа дейін 14 мың бас Қазақстанға жеткізілді, жақын арада тағы 3,8 мың асыл тұқымды ірі қара жеткізіледі. Мал өнімдерін өңдеу мен өндіру департаментінің директоры Еркебұлан Аxметовтың айтуынша, асыл тұқымды малдың басым бөлігі — Ресей Федерациясының өнімі.

«Осы уақытқа дейін малдың біршама бөлігін Еуропа мен Украинадан әкелді. Сосын 10 мыңнан астам басты Америкадан жеткізді. Келесі жылдан бастап асыл тұқымды малды сатып алу географиясы кеңейеді. Қазіргі кезде біз Австралиядан мал жеткізу жолдарын пысықтап жатырмыз. Бұдан бөлек, Латын Американың Уругвай мен Чили сияқты мемлекеттері бар», — деді Е.Аxметов Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Оның сөзіне қарағанда, асыл тұқымды малды жеткізуші мемлекеттердің бәрі ветеринарлық талаптарға сай келеді. Ал министрліктің өзінде ірі қараны тасымалдаудың нақты графигі бар.

«Жыл соңына дейін жеткізілмеген малдар келесі жылдың наурыз айына дейін жеткізіледі. Негізі, жақын және алыс шетелден малды әкелу бағдарламасы екінші жартыжылдықта басталған болатын. Қазіргі кезде фермерлер өтініштерін көптеп тапсырып жатыр», — деп атап көрсетті Е.Аxметов.

 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz