Қазақстандықтарға несиелік демалыс беріле ме — вице-министр жауабы — Қазақстан жаңалықтары

0

Ұлттық экономика миниcтрінің орынбасары Жасұлан Мәдиев қазақстандықтарға арналған несиелік демалыс жайлы сөз қозғады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ақша

 

Вице-министр төтенше жағдайға байланысты шағын және орта бизнеске көмек және несиелік өтемақыны тоқтата тұру туралы пікірін білдіріп кетті. 

«Үкімет осы бағытта жұмыс жасауда. Президент те бұл туралы бірқатар тапсырмалар берген болатын. Алдағы уақытта қандай шаралар іске асырылатынын білесіздер», — деді Мәдиев. 

Бұған қоса ол қазақстандықтарға несиелік демалыс беру туралы да сөз қозғады.

«Бірнеше бастамалар көтеріліп, бұл жағдайды ретке келтіру үшін жұмыстар орындалуда», — деп қосты шенеунік. 

Десек те вице-министр коронавирустың еліміздің экономикасына қалай әсер еткенін ашып айта алмады.

«Төтенше жағдай бүгін ғана енгізілді ғой», — деді Мәдиев. 

Еске сайлық, бүгіннен бастап президенттің бұйрығымен Қазақстанда төтенше жағдай жарияланған болатын. 

 

stan.kz