Қазақстандықтар коронавирусқа тест жасату үшін қалай өтініш беруі керек — Қазақстан жаңалықтары

0

ҚР денсаулық минситрлігі коронавирусқа сынамадан өту үшін не істеу керектігін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус

Қазақстанда COVID-19 экспресс-тест тексеруінен кімдер өтеді:

Экспресс-тестілер өткізу үшін пациенттерден сауалнама алу жүргізіледі. 

Тест өткізу рәсімін оңайлату үшін formcovid.eisz.kz сайтында пациент деректері енгізілетін сауалнама үлгісі жасалды.

Бiр тексеруінен өтетін азаматтар санаты:
— тыныс алу жүйесінің ауруларымен диспансерлік есепте тұрған тұлғалар;

— респираторлық белгілері бар ауруханаға жатқызылмаған науқастар.

— автомобиль өткізу пункттері мен темір жолдардағы мемлекеттік шекара өткізу пункттері арқылы Қазақстанға кіретін азаматтар;

— орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың қызметкерлері.

— карантиндік аймақтардың тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындардың қызметкерлері.

Жалпы, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 220 000 адамға дейін экспресс-тест тексеруінен өте алады.

Экспресс-тест арқылы коронавирус инфекциясына диагноз қойылмайтынын атап өту маңызды, өйткені ол ағзадағы вирусты анықтамайды, тек қана вирусқа деген иммундық жүйенің реакциясын бағалайды.

Экспресс-тестілер сенімділігінің 90%-дан аспайтынын атап өтеміз, сондықтан жағдайлардың 10%-на дейін әрі жалған-оң, әрі жалған-теріс нәтиже беруі мүмкін.

Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 500-ге жетіп отыр. 


Қазақстандық дәрігерлер коронавирусты анықтайтын тест жасап шығарды

stan.kz