Қол қойыңыз: Үкімет жерді шетел кәсіпорындарына тегін бермек болды

3

Қазақстандықтар төтенше жағдай деп үйден шықпай отырғанда үкіметтегілер Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің кәсіпорындарына зауыт-фабрика салу үшін жер учаскелерін тегін беру туралы шешім қабылдап жібере жаздады. Тіпті ол үшін egov порталында жалпыхалықтық талқылау ұйымдастырылған. Бірақ бұл талқылау жалпақ жұртқа жеткілікті жарияланған жоқ деген кейбір саясаткерлер мен қоғам белсенділер жердің бұлай беріле салуына наразылығын білдіріп жатыр.

Қазақстандықтардан пайдаланылмаған жерін бір жылдан соң мемлекет тартып алатын болады

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды. Мыңдаған адамның өре түрегелуі бекер емес. Еліміздегі индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Ресей Федерациясының өнеркәсіп және және сауда министрлігімен бірлескен өндірістік операция саласындағы іс-қимыл бағдарламасы бекітілген. Осы бағдарлама аясында Ресейдің «Камаз» компаниясы Қостанайда екі бірдей ірі жобаны іске қоспақ болатын.

«Үкіметтің қаулысын жалпыхалықтың талқылауға салу үшін egov порталына шығардық», — деді ҚР ИИДМ машина жасау басқармасының басшысы Ержан Имансіләм.

Министрлің egov порталына бұл талқылауды шығарғанымен бұл сілтеме істемейтін болып шықты. Ешкім ой-пікір білдіре алмайды. Жердің тегін берілуі мүмкін екенін біле сала қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан лезде виртуалды түрде «Жер қорғаны» атты қозғалыс құрып, наразылығын білдірді. 

«Мен толығымен қарсымын. Мынадай қадамға бару, халықтан жасыру үлкен қиянат деп білемін», — дейді Мұхтар Тайжан.

«Жер қорғаны» қозғалысын құрған Тайжан жер туралы жаңа заң ұсынып отыр. Онда жердің субарендаға берілмеуі өзге елдерге, шетел азаматтарына, шетелдіктердің кез келген үлесі бар заңды тұлғаларға, үлкен көлемдегі, яғни ауылшаруашылығына арналған жерлерді жеке меншікке немесе жалға берілмеуі керектігі қатаң сақталуы қажет деді ол. 

Мұхтар Тайжан қайта-қайта жер мәселесінің қозғала беруін мүдделі топтардан көріп отыр. 

Ал, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жалпы халықтық талқылаудың алынып тасталғанын мәлімдеді. Сөйтсек, Әділет министрлігімен аккретиттелген 67 бірдей қауымдастықтар үкіметтің ЕЭО мүше елдердің кәсіпорындарына жер учаскелерін беру құзіреті жоқтығы туралы ескерту жасапты. 

«Аталған ескертулерді ескере отырып, бұл мәселе талқылаудан алынды. Жер ешкімге берілмейді», — деді ҚР ИИДМ машина жасау басқармасының басшысы Ержан Имансіләм.

Жер әзірге берілмейтін болды. Әзірге дейтін себебіміз 2021 жылға дейін жерді жеке меншікке беруге мораторий жарияланған. Одан кейін не болары белгісіз. 

stan.kz