Қазақстандық вирусолог Марат Саятов өмірден озды

0

Марат Саятовтың ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыттарының бірі — иммунология және вирус инфекцияларының иммунодиагностикасы болған

Қазақстандық вирусолог, Ұлттық ғылым академиясының академигі Марат Саятов қайтыс болды. Ақпаратты Sputnik Қазақстанға академия президенті Мұрат Жұрынов растады

«Иә, қайтыс болды», — деді ол.

Марат Саятовтың ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыттарының бірі — иммунология және вирус инфекцияларының иммунодиагностикасы болған.

Марат Саятовтың өмірбаяны

Марат Саятов 1937 жылдың 10 ақпанында Алматы облысы Алакөл ауданы қазіргі Тоқжайлау ауылында дүниеге келген.

1960 жылы Қазақ мемлекеттік медицина институтының санитарлық-гигиеналық факультетін тәмамдады. Кейін ҚазКСРО ғылым академиясы жанындағы микробиология және вирусология институтының аспирантурасына оқуға түсті.

Саятов грипп кезіндегі гуморалды иммунитет тақырыбына арналған кандидаттық диссертация қорғады. 1963 жылдан бері осы институтта кіші ғылыми қызметкерден жалпы вирусология зертханасының жетекшісі лауазымына жетті.