Қазақстандық теннистен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

0
Қазақстандық теннистен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды


Қазақстандық Александр Бублик Братислава(Словакия) челленджер турнирінің жеңімпазы атанды.

Дүниежүзілік рейтингте 253-орында тұрған А.Бублик финалда әлемнің 164-ракеткасы,чехиялық Лукаш Росолмен күш сынасты. Л.Росол 33 жастағы тәжірибелі теннисші болса, А.Бублик 21 жаста ғана. Соған қарамастан, қазақстандық теннисші шеберлік таныта біліп, екі партияны да 6:4 есебімен ұтты.

Кездесу 1 сағат 9 минутқа созылды. Турнир барысында А.Бубликөзінен рейтингте әлдеқайда жоғары тұрған словакиялық Андрей Мартин, италиялық Лоренцо Сонего, украиналық Сергей Стаховский және жартылай финалда германиялық Маттиас Бахингерді тізе бүктірді.

Дереккөз: ҚазАқпарат