Қазақстандық судьялардың іссапар кезіндегі әрекеті әшкере болды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Жоғарғы соттың судьялары Түркістан қаласына қызметтің іссапармен барған. Комиссияның құрамында Шымкент қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысының судьялары да болды

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Жоғарғы соттың екі судьясын тәртіптік жазаға тартуға ұсыныс жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тергеуші Данияр Биғайдаровтың айтуынша, Жоғарғы соттың судьялары Түркістан қаласына қызметтің іссапармен барған. Комиссияның құрамында Шымкент қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысының судьялары да болды. Олардың барлығы сот этикасын өрескел бұзған.

«Судьялар қызметтік іссапар кезінде мемлекеттің тарапынан толығымен қамтамасыз етіледі. Соған қарамастан, облыстағы әріптестерінен материалдық сый-сыяпат алған. Мәселен, Жоғарғы соттың судьялары танымал мейрамхананың VIP-кабинасында түскі асты да, кешкі асты да күтіп алушылар есебінен ішкен. Оған қоса, күтіп алушылардың көліктерін жеке мақсатта пайдаланған. Осылайша,  этиканы өрескел бұзған», – деді тергеуші Данияр Биғайдаров бүгінгі онлайн брифингте.      

Оның сөзіне қарағанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызмет Жоғарғы сотқа екі судьяны тәртіптік жазаға тарту туралы ұсынысты енгізді. 

«Жалпы, бұған дейін осы іспетті ұсыныстарды қарастырғаннан кейін 272 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылған болатын. Олардың ішінде 30 адам жұмыстан босатылды», – деп атап көрсетті Биғайдаров.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз