Қазақстандық хакер АҚШ-та 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

0

АҚШ Қазақстан азаматы Андрей Турчинді интернет арқылы бопсалады деп айыптады, бұл іс көптеген компаниялар мен тіпті жекелеген елдердің билік органдарына әсер етті.

Бұл туралы РИА Новости сайты жазды.

«Бүгін Вашингтонның Батыс округінде айыптау үкімі жарияланды. Онда 37 жастағы fxmsp атымен танымал Андрей Турчинге көптеген білім беру компанияларының компьютерлік желілерін бұзған деген айып тағылып  отыр. Қаржылай негізделген киберқылмыстық топтың қызметіне байланысты түрлі федералды қылмыстар жасалды, ол бүкіл әлемдегі мекемелер мен билік органдарына әсер етті», — делінген министрлік хабарламасында.