Қазақстандық депутаттар мен министрлер Жаңа жылды қалай қарсы алады?

0

Қазақстандық саясаткерлердің барлығы дерлік Жаңа 2019 жылды үйде отбасымен қарсы алуды жоспарлап отыр

АСТАНА, 27 желтоқсан – Sputnik, Нұргүл Абай. «Жаңа жылды қалай қарсы алсаң, жылды солай өткізесің» деген сөз бар. Содан болар, әр адам жаңа өмірдің бастауы – Жаңа жылды естен кетпестей қарсы алуға тырысады. Осы орайда Sputnik Қазақстан тілшісі Қазақстанның депутаттары мен министрлерінен Доңыз жылын қайда және қалай атап өтетінін сұрап білді. 

«Жаңа жылды үйде қарсы алу керек»

Мәжіліс төрағасы Доңыз жылын жылдағы дәстүрмен үйде балаларымен және немерелерімен бірге қарсы алмақ. Мереке күндері шет елге барып, демалуға уақыт жоқ дейді. 

«Қаңтардан бастап атқаратын жұмысымыз өте көп. Өз басым жұмыс істеймін. Сондықтан ешқайда бармаймын», — деді мәжіліс спикері. 

Нығматулин қазақстандықтарға Бурабайда демалуға кеңес берді.

«Қыстыгүні күн жылы болып тұрған кезде, мына тұрған Бурабайға барып, демалысты сонда өткізу керек», — дейді ол. 

Ал сенат депутаты Жаңа жылды әр жыл сайын отбасымен бірге ауылда қарсы алатынын айтты. Депутаттың тарих қойнауына енгелі жатқан Ит жылына еш өкпесі жоқ. 

«Өзім үшін биылғы жыл барлық жағынан жақсы болды деп есептеймін. Біз үмітшіл халықпыз. Сондықтан келесі жылы елдің үміті ақталсын деп тілеймін. Елімізде тыныштық, бақ-береке, іші бүтін, сырты тыныш болсын», — деген ізгі тілегін жеткізді сенатор. 

Еңсегеновтің әріптесі Мұрат Бақтиярұлы да жаңа 2019 жылды отбасының ортасында қарсы алуды жоспарлап отыр. 

«Ешқайда бармаймыз. Мен жалпы өмірімде қыдырған адам емеспін, жылда отбасыммен Астанада мерекелеймін», — дейді сенатор Бақтиярұлы. 

Халық қалаулысы биылғы Ит жылына «тұрақты» деген баға берді. 

Мәжіліс депутаты Гүлжан Қарағұсова үшін де Жаңа жыл – отбасылық мереке. 

«Осы жолы Астанада, балаларыммен және немерелеріммен атап өтемін. Биыл балаларым маған қонаққа келеді. Шет елдерге саяхаттап шығу ойымда жоқ», — деді депутат ханым. 

«Тура сағат он екіде жүгіреміз» 

Мәдениет және спорт министрі Доңыз жылын елден ерек қарсы алғалы отыр. Министр сағат тілі он екіні соққанда Астана көшелерімен жүгіріп, салауатты өмір салтын насихаттамақшы. 

«Тура сағат он екіде далаға шығып, марафон ұйымдастыру ойымызда бар. Бірақ, бұл нақты емес. Себебі ауа райына қарауымыз керек. Қатты аяз болса, әрине, жүгірмейміз. Егер жылы болса, бірнеше азаматпен бірге Жаңа жылды жүгіріп қарсы аламыз», — деді Мұхамедиұлы. 

Оның айтуынша, «Бәйтерек» монументінен басталатын марафонға кез келген қазақстандық қатыса алады. 

Ал ел үкіметіндегі жалғыз әйел министр отбасымен Бурабайға баруды жоспарлап отыр. 

«Былтыр да Жаңа жылды Бурабайда қарсы алған едік», — дейді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі. 

Кеше ғана президенттің жарлығымен жаңадан құрылған индустрия және инфраққұрылымдық даму министрлігінің (бұрынғы инвестициялар және даму министрлігі – Sputnik) тізгінін ұстаған те Доңыз жылын қайда және қалай қарсы алатынын айтты.

«Әке-шешеммен, үйдегі жолдасыммен және балаларыммен Астанада атап өтеміз. Жыл да солай. Жаңа жылдан кейін, Алматыға немесе Көкшетауға қыдырып барып қалуымыз мүмкін», — деп жоспарымен бөлісті ол. 

Министр қазақстандықтарға жаңа 2019 жылда зор денсаулық, отбасыларына бақ-береке, ал елімізге тыныштық тіледі. 

Денсаулық сақтау министрі та Доңыз жылын отбасымен Астанада қарсы алмақ. 

Ал әділет министрі болса, үлкен ағасымен бірге елордада тұратын ата-анасына қонаққа баруды жоспарлап отыр. 

«Ағамыз екеуіміз Жаңа жылды үнемі әке-шешеміздің үйінде тойлаймыз. Менің ата-анам үшін ең үлкен сый – ұлдарымен, немерелерімен бірге уақыт өткізу», — дейді министр. 

Ұлттық экономика министрі  әріптестері секілді 2019 жылды елордада қарсы алмайды. Министр жылдағы дәстүр бойынша Павлодарға барып, ата-анасымен бірге тойламақ. 

«Жылда солай істейміз. Сондықтан биыл да осы дәстүрді сақтаймыз. Жаңа жылда ән айтамыз, бір-бірімізге тілек білдіреміз. Сыйлықтарымыз да дайын», — деді Сүлейменов.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/