Қазақстандық дәрігерлер жасаған қателіктері үшін жеңіл түрде жазаланады — Қазақстан жаңалықтары

0

Парламент Сенатының жалпы отырысында депутаттар заң жобасында медицинада жасалатын қателіктерді қылмыстық жауапкершіліктен босататын ережелер де болуы керек деген қорытындыға келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Депутат Андрей Лукин заң обасына өзгеріс енгізу бұл адам өмірін арашалап қалатын мамандық иелеріне деген құрметті арттырып, кез келген нәрсені әділ жолмен шешуге мүмкіндік бермек дейді.

«Сонымен, Қазақстан Республикасы Президентінің Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ағымдағы жылдың 27 мамырдағы 3-отырысында берген тапсырмасын орындау мақсатында негізсіз қылмыстық істерді болдырмау мақсатында медицина қызметкерлерінің қылмыстық жазасын қайта қарау ұсынылады», — дейді ол.

Бұл заң жобасының басты мақсаты денсаулық сақтау саласындағы заңнаманы жетілдіру, денсаулық сақтау жүйесін дамыту, медициналық білім мен ғылымды жетілдіру, электрондық денсаулық сақтауды енгізу, Қазақстан Республикасында медициналық көмектің сапасы мен қол жетімділігін қамтамасыз ету дейді депутат. 

«Осыған байланысты қылмыстық жазалау қаупі медицина қызметкерлерін ғылымнан алшақтатады. Сонымен бірге жазаны жеңілдету дәрігерлерді азаматтардың өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершіліктен босатпайды. Бірақ мұндай жауапкершілік әлемнің дамыған елдеріндегідей әкімшілік, азаматтық болуы керек. Осыған байланысты, әрине, медициналық қызметкерлердің құқықтық және қаржылық қорғалуы мен жауапкершілігін, оның ішінде кәсіби қызметке кепілдік беру жүйесін дамыту қажет. Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, мен Парламент Мәжілісіне «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсынамын », — деп түйіндеді ол.

Екінші оқылымнан кейін «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне қайтарылады.

stan.kz