Қазақстандық әуекомпаниялардың тексеру жұмыстары қашан бітетіндігі жайлы айтылды — Қазақстан жаңалықтары

0

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары Берік Қамлиев әуе тасымалдаушы ұйымдардың жұмысын тексеру қашан аяқталатыны жайлы сөз қозғады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ұшақ

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен бірінші жартыжылдықта тұрақты жолаушы тасымалымен айналысатын барлық авиакомпанияларды тексеру аяқталады. Жаңа реттеу моделіне сәйкес қауіпсіздікті арттыру жұмысы жалғасуда. Сондай-ақ, «Қазақстан авиация әкімшілігі» АҚ-ын білікті мамандармен толықтыру аяқталады және инспекторлар қажетті оқытудан өтеді. Осы жылы АҚШ-қа ұшу үшін FAA (АҚШ азаматтық авиациясының федералды басқармасы) аудитінен өтуіміз керек», — деді Берік Қамалиев.

Бұған қоса ол алдағы уақытта Қазақстанда қандай халықаралық рейстер ашылатындығы жайлы айтып кетті. 

«Ашық аспан» аясында жаңа 14 халықаралық әуе рейсі ашылады деп жоспарланған. Qatar Airways, LOT, Salam Air, Jazeera Airways, Air Asia және басқа да ірі компаниялар келіп, елордамыз бен Алматыны Доха, Маскат, Куала-Лумпур және басқа да қалалармен байланыстырады деп күтілуде», — деп мәлімдеді вице-министр. 

Бұдан бөлек Air Astana әуекомпниясы Алматы-Париж, Алматы-Мумбай бағытында әуе жолын орнатпақшы.

Еске салайық, бұған дейін мемлекет басшысы Bek Air-ге тиесілі Fokker 100 ұшағының құлауына байланысты еліміздегі барлық әуе тасымалдаушы ұйымдардың жұмысын тексеруге тапсырма берген еді. 

 

 

stan.kz