қазақстандық әйел ауыр тағдыры туралы айтып берді – видео

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Сириядан оралған соң қазақстандық әйел жабық киімнен бас тартқан. Ол өзгелерге сабақ болуы үшін өзінің басынан өткен оқиғалармен бөлісті

НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан — Sputnik. Қазақстандық Альбина Мансұрова Сириядан Қазақстанға оралғандардың бірі. Ол жат жерде басынан өткен оқиғаларды айтып берді. Әйел өзінің тағдыры өзгелерге сабақ болса дейді.

Ол осыған дейін паранжа киген. Қазақстанға оралған соң жабық киім киюді қойыпты, деп хабарлайды  «Астана» телеарнасы.

Альбинаның айтуынша, ол Сирияда алты жыл тұрған. Күйеуімен бірге кетіпті. Алайда қақтығыс аймағынан шығу оңай болмаған.

Тағы оқыңыз: «4 адамның басын кесіп алған»: қазақ жігіттерінің Сириядағы қылмысы жарияланды

Ол аш қалмау үшін балаларымен бірге шөп жеуге тура келгенін айтады.

«Ол жерде әділетсіздік, қатыгездік, агрессия, жаппай өлім және аштық болды. Мен мұның бәрі саясат болғанын түсіндім. Дінге еш қатысы жоқ. Сондықтан ол жерден шығу жолын іздей бастадым. Қазақстанға оралып, өзімді және балаларымды құтқаруым керек болды», — дейді ол.



sputniknews.kz