қазақстандық 7 жылға сотталуы мүмкін

0
Оқиғалар

Қысқа сілтеме алу

18 0 0

Қылмыстық іс қозғалып отырған бап бойынша жүргізуші жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

АСТАНА, 18 қараша — Sputnik. Саратов маңында тауар таситын пойызға соғылған автобус жүргізушісінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Қылмыстық іс Ресей Федерациясы қылмыстық кодесінің 264-бап 5-бөлігі бойынша жүргізіліп жатыр. Аталған бапқа сәйкес, кінәлі азамат бес жыл бойы әртүрлі жұмыс жасауға міндеттеліп, үш жылға көлік жүргізу құқығынан айырылады немесе жеті жылға бас бостандығынан айырылады.

Автобус рөлінде 61 жастағы Қазақстан азаматы отырғаны хабарланған еді.

Ресей ішкі істер министрлігі таратқан хабарламада жантүршігерлік жол апатының мән-жайын анықтау үшін тексеріс жүріп жатқаны жазылған.

Сенбі, 17 қараша күні, Қазақстан шекарасынан 15 километр қашықтықта орналасқан Саратов облысында жолаушылар отырған автобус тауар тасып келе жатқан пойызға соғылды. Жол апатында бес жолаушы көз жұмды. Олардың барлығы да Өзбекстан азаматтары. Ал қазақстандық екі жүргізуші ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Алдын ала болжам бойынша, автобус теміржолдан өтуге арналған бағдаршамның қызыл көзі жанып тұрғанына қарамастан жүріп кеткен.