Қазақстанда жұмыс беруші тарап қызметкерден коронавирус жұқтырмағаны туралы анықтама талап етуде: Бас санитар дәрігер не дейді? – Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова жұмыс беруші тарапты коронавирустан өткен ПТР-тесттің нәтижесін қызметкерлерден сұрамауға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Айжан Есмағамбетова

«Қазір көптеген жұмыс берушілер кеңсеге оралған қызметкерлерден ПТР анықтамасын сұрап жатыр. Біз мұндай талапты міндеттеген жоқпыз, міндеттемейміз. Тіпті, кеңес бермейміз деп айта аламын. Өйткені, ПТР анықтамасы бүгін теріс болып, бірақ адамның өзі вирус жұқтырып, енді тарала бастауы әбден мүмкін», – деді Есмағамбетова.

Сөзінше, елімізде тестілеуден міндетті түрде өту талабы жоқ екен. 

«Егер жұмыс беруші мен жұмысшы арасында тестілеуден өту туралы уағдаластық болса, бұл еңбек заңнамасы аясында шешілуі керек. Бірақ, біз жұмысқа оралғандарға міндетті тестілеуден өту талабын қойып отырған жоқпыз. Ауру оқиғасы тіркелген жерде үнемі эпидемиологиялық тексеру жұмыстары жүргізіледі. Тексеру аясында байланыста болғандар тізімі құрылады. Менің қаулыма сәйкес, жақын және ықимал байланыста болған адамдар тестілеуден тегін өтуі тиіс», – деді бас санитар дәрігер.

 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз