Қазақстанда жер сілкінді

0

Жер асты дүмпулері Алматыдан 147 шақырым қашықтықта, сондай-ақ Қытай мен Қырғызстан шекарасында тіркелді

НҰР-СҰЛТАН, 7 желтоқсан – Sputnik. Алматыдан 147 шақырым қашықтықта Қазақстан аумағында жер сілкінісі болды.

«7 желтоқсанда Алматы уақытымен сағат 07:08-де жер сілкінді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан солтүстік-батысқа қарай 147 километр жерде орналасқан. MPV магнитудасы – 4.3», — делінген сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедицияның хабарламасында.

Зілзаланың сезілгені туралы ешқандай мәлімет жоқ.

Екінші жер сілкінісі де 7 желтоқсанда Алматы уақытымен 08:20-да болды.

«Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 258 километр жерде, Қырғызстан мен Қытайдың шекарасында орналасқан. Сезілгені туралы ақпарат жоқ», — делінген хабарламада.

Тағы оқыңыз: Қазақстанға қандай табиғи апаттар қауіп төндіретіні айтылды 

Айта кету керек, 4 желтоқсанға қараған түні Алматы облысындағы бірнеше қаланың тұрғындары жер сілкінісін сезді: Текелі мен Талдықорғанда жер асты дүмпулерінің күші үш балға дейін жетті.



sputniknews.kz