Қазақстанда жалпы ішкі өнім 1,7 процентке төмендеді

0

Экономика

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Министрдің айтуынша, жылдық инфляция 6,7%-ті құраған. Ал байланыс қызметтері қаңтар-мамыр айында 9,2%-ке артқан

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Қаңтар-мамырдың қорытындысы бойынша Қазақстанда жалпы ішкі өнім 1,7%-ке төмендеді. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Үкімет отырысында министр елдің қаңтар-мамыр аралығындағы әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері туралы баяндады.

«Жедел деректер бойынша жалпы ішкі өнім 1,7%-ке төмендеді. Тауарлар өндірісі 4,8%-ке өсті. Сонымен бірге көрсетілетін қызметтер 6,2%-ке қысқарды», – деді Дәленов.

Айтуынша, жылдық инфляция 6,7%-ті құрады. Бұл өткен айдың деңгейінен төмен.

Десе де, өндірістік секторда өсім жалғасуда.

«Өндірістік сектор бойынша құрылыста – 5,9%, кен өндіруде 5,2%, өңдеу өнеркәсібінде 4,9% және ауыл шаруашылығында 2,2% өсім байқалады», – деді министр.

Сонымен қатар, қазір қызмет секторларында, соның ішінде көлік қызметтерінде 14,1%, саудада – 12,3%, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларда – 4,8%, ал әкімшілік қызметтер көрсетуде 3,8% төмендеу байқалады.

Бұл ретте, байланыс қызметтері қаңтар-мамырда 9,2%-ке артты.

Дәленов карантиннің жеңілдетілуіне байланысты мамырдан бастап қызмет секторының жекелеген салалары қалпына келе бастағанын атап өтті.

Атап айтқанда, сауда 28,3%-ке, оның ішінде бөлшек сауда – 34,2%-ке, көтерме сауда – 26,1%-ке өскен. Көлік қызметтері – 20,7%-ке, оның ішінде жолаушылар айналымы – 41,5%-ке, жүк айналымы 5,7%-ке артты. Ал тамақтану бойынша қызметтер 10,8%-ке өсті.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз