Қазақстанда вирустан қайтыс болған бесінші адамға қатысты тың ақпарат шықты

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

10 0 0

Ақмола облысында індеттен көз жұмған қарт науқасқа бұған дейін бірнеше ота жасалғаны белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір – Sputnik. Коронавирустан көз жұмған бесінші науқас Целиноград ауданының 73 жастағы тұрғыны. Бұл туралы Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасынан мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Бүгін вирустан көз жұмған ер адам — Целиноград ауданының 1947 жылғы тұрғыны. Екінші сатыдағы «Дисциркуляторлық энцефалопатия» диагнозымен есепте тұрған», — деді басқарма өкілі онлайн брифингте.

Бұған дейін науқасқа бірнеше рет ота жасалғаны белгілі болды.



sputniknews.kz