Қазақстанда тағы тоғыз адам коронавирус жұқтырды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

7 0 0

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны тоғыз адамға өсіп, жалпы саны тоқсан жетіге жетті

НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз – Sputnik. 26 наурызда республикада коронавирус жұқтырған тағы тоғыз адам тіркелді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

26 наурыз сағат 12.20-дағы мәлімет бойынша Нұр-Сұлтанда тағы тоғыз адам вирус жұқтырды.

Қазіргі таңда елімізде 97 адам тіркеліп отыр. Нұр-Сұлтанда – 55, Алматыда – 34, Қарағандыда — 2, Шымкентте – 2, Алматы облысында — 1, Ақтөбе облысында — 1, Жамбыл облысында -1, Солтүстік Қазақстанда — 1 адам.



sputniknews.kz