Қазақстанда тағы 9 адамнан коронавирус табылды

0

Республиканың үш өңірінде тоғыз адам індетке шалдықты, осылайша науқастардың жалпы саны 293-ке жетіп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз – Sputnik. Қазақстанда тағы тоғыз адам қауіпті вирус жұқтырды, деп хабарлайды коронавируспен күрес жөніндегі жедел штаб.

«30 наурыз сағат 11:10 жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 9 адам тiркелді, Алматы қаласында — 3 адам, Қызылорда облысында — 3 адам, Ақмола облысында — 3 адам», — делінген хабарламада.

Республикада коронавирус жұқтырғандар саны 293 адамға жетті. 

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 167 адам, Алматы қаласында – 73 адам, Қарағанды облысында — 7, Ақмола облысында — 9 адам, Атырау облысы — 12 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкентте — 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында — 2 адам, Алматы облысында — 6 адам, Ақтөбе облысында — 2 адам, Солтүстік Қазақстан облысында — 1 адам, Павлодар облысында — 1 адам, Маңғыстау облысында — 1 адам, Қызылорда облысында — 5 адам, Батыс Қазақстан облысында — 2 адам тіркелді.

 



sputniknews.kz