Қазақстанда тағы 68 адамнан коронавирус табылды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Республикада індетке тағы алпыс сегіз адам шалдықты, қауіпті вирус жұқтырғандар саны 1470 адамға жетті

НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір — Sputnik. Коронавирус жұқтырған тағы 68 адам тіркелді, деп хабарлайды мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

«17 сəуір сағат 10:05-тегі жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 68 адам тіркелді, оның ішінде Нұр-Сұлтан қ. – 2, Алматы қ. – 44, Шымкент қ. – 1, Қызылорда облысы – 9, Түркістан облысы – 2, Батыс Қазақстан облысы – 4, Атырау облысы – 1, Павлодар облысы – 2, Қарағанды облысы – 3», — делінген хабарламада.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 1470 адам анықталды. Олардың ішінде:

  • Алматы  – 461,
  • Нұр-Сұлтан  – 328,
  • Қызылорда облысы – 143,
  • Қарағанды облысы – 87,
  • Ақмола облысы – 81,
  • Атырау облысы – 72,
  • Түркістан облысы – 55,
  • Жамбыл облысы – 53,
  • Шымкент қ. – 46,
  • БҚО – 30,
  • СҚО – 29,
  • Алматы облысы – 29,
  • Павлодар облысы – 15,
  • Ақтөбе облысы – 14,
  • Маңғыстау облысы – 12,
  • ШҚО – 8,
  • Қостанай облысы – 7.

 



sputniknews.kz