Қазақстанда тағы 14 адамнан коронавирус табылды

0

Республикада қауіпті вирусты тағы он төрт адам жұқтырды, науқастардың жалпы саны 265-ке жетіп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. Қазақстанда коронавирус жұқтырған науқастар саны 265-ке жетті, деп хабарлайды коронавируспен күрес жөніндегі жедел штаб.

«29 наурыз сағат 14:40-тағы жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 14 адам тiркелді, Нұр-Сұлтан қаласында — 11 адам, Алматы қаласында — 3 адам», — делінген хабарламада.

Осылайша, елімізде 265 адам тіркеліп отыр.

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 162 адам
  • Алматы қаласында – 67 адам
  • Қарағанды облысында – 7
  • Ақмола облысында — 6 адам
  • Атырау облысы — 6 адам
  • Жамбыл облысында -3 адам
  • Шымкент қаласында — 2 адам
  • Шығыс Қазақстан облысында — 2 адам
  • Алматы облысында — 4 адам
  • Ақтөбе облысында — 1 адам
  • Солтүстік Қазақстан облысында — 1 адам
  • Павлодар облысында — 1 адам
  • Маңғыстау облысында — 1 адам
  • Қызылорда облысында — 2 адам.



sputniknews.kz