Қазақстанда тағы 13 адам коронавирустан жазылып шықты

0

Барлығы елде 220 адам коронавирустан жазылып шықты. Қазіргі уақытқа дейін 1275 адамда COVID-19 расталған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір — Sputnik. Қазақстанда тағы 13 адам коронавирустан жазылып шықты, деп хабарлады мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

«Нұр-Сұлтан қаласында — 8,Ақмола облысында — 4, Алматы облысында — 1 адам індеттен айықты», — деп жазылған хабарламада.

Барлығы елде 220 адам коронавирустан жазылып шықты. 1275 адамда COVID-19 расталған болатын. 15 адам көз жұмды.  

Бүгні, 15 сәуір күні Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасы коронавирустан қайтыс болған он бесінші адам туралы ақпарат таратты.

12 сәуірде Жітіқара қаласының екі тұрғыны – 1945 жылғы ер адам мен 1955 жылғы әйел жедел жәрдеммен ауруханаға жетізілген. Екеуінің де дене қызуы мен демікпесі болған.

Пациенттер аурудың алғашқы белгілерін 5 сәуірде байқаған. Екеуі де коронавируспен ауырған адаммен байланыста болмаған әрі Жітіқара қаласынан шықпаған. Алайда, сынама кезінде екеуінен де коронавирус табылды.



sputniknews.kz