«Қазақстанда отандық ұшақтар өндіреле ме?» – Министр жауап берді – Қазақстан жаңалықтары

0

Соңғы он жыл ішінде Қазақстанда ұшақтарды өндіру бойынша бірнеше жоба ұсынылған. Бұл туралы ОКҚ-де өткен брифинг кезінде индустрия жән инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Атамқұлов: Шенеуніктердің киімі қарапайым болу керек

«Оның ішінде Ресей Федерациясымен ынтымақтастық аясында 2019 жылы сәуірде қол қойылған жоба туралы нақты айта аламын. Ол екі ел бірігіп «Байкал» және «Л-160″ ұшақтарының бөліктерін жинауға бағытталған. Бұл үлкен ұшақтар емес», – деді индустрия жән инфрақұрылымдық даму министрі.

Оның айтуынша, ұшақтарды әзірлеу үшін ең алдымен нарық қажет.

«Қазақстан жеткілікті түрде ірі нарық емес. Дегенмен, қуат бар, біз бұл өндірісті дамыта аламыз. Сонымен қатар, ресейлік әріптестеріміз аталған ұшақтар типін біздің алаңдарға шығарады», – деді Бейбіт Атамқұлов.

Миниср ұшақты құрастырудың бірнеше циклі бар екенін атап өтті.

«Бізде костомизация болады. Сондай-ақ, құрастыру бюросы құрылады. Яғни, бұл ұшақтар кіші авиация, өңірлік авиация және ауыл шаруашылығында қолданылады. Бұл жоба бойына әлі де жұмыстар жүріп жатыр», – деді министр.

Оның айтуынша, жобаны іске қосу үшін шамаман 1 жарым жыл керек екенін мәлімдеді.

Бейбіт Атамқұлов Қазақстанда ұшақтарды өндіру көп пайда әкелмейтінін айтты. Дегенмен, ол әрбір бастама кәсіпорындар тарапынан болатынын және кіші авиация бойынша жұмысар жалғасатынын атап өтті.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз