Қазақстанда мемлекеттік сыйлықтың иегерлері анықталды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

https://sputniknews.kz/images/1210/48/12104804.jpg

Sputnik Қазақстан

https://sputniknews.kz/society/20191210/12255409/memlekettik-syylyq.html

2019 жылы Әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлық төрт бағытта қолға алынған ғылыми жұмыстар үшін берілді

НҰР-СҰЛТАН, 10 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғылым мен техника саласында әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықты тапсыру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Биыл Әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлық төрт бағытта жасалған ғылыми жұмыстар үшін беріліп отыр. Олар:

  1. Ұлттық құрамы бар әрі емдік-профилактикалық тағам өнімдерін ғылыми әзірлеу және өнеркәсіптік өндіру саласындағы ғылыми жұмыстар. Жеңімпаздар: Қазақ тағамтану академиясының президенті, академик Төрегелдi Шарманов, аға ғылыми қызметкер Жанкелді Әбжаппар, ғалым Қадырбек Мейрамбеков, магистр Ғалымжан Мейрамбеков,  профессор Юрий Синявский, ғалым Сергей Терещенко мен доктор Руслан Юнге.
  2. Табиғи-шаруашылық жүйелерін ұлттық қауіпсіздік тұрғысында сумен тұрақты қамтамасыз ету саласындағы ғылыми жұмыстар. Жеңімпаздар: «География институты» ЖШС директоры, академик Ахметқал Медеу, ғылым кандидаты Саят Әлімқұлов, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры Тілектес Есполов, профессор Игорь Мальковский, академик Игорь Северский, доктор Лидия Төлеубаева және ғылым кандидаты Айсұлу Тұрсынова.
  3. Мал шаруашылығын дамытудағы жаңа инновациялық жетістіктер тақырыбындағы жұмыстар. Жеңімпаздар: «Байсерке-Агро» оқу ғылыми-өндірістік орталығының директоры, магистр Дәурен Бекенов, PhD докторы Мурат Алиев, академик Темірхан Досмұхамбетов, профессор Николай Иванов, доктор Айдар Намет, профессор Төлеухан Садықұлов, магистр Сәуле Сарымбекова және профессор Ахметжан Сұлтанов.
  4. «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының мұнай құбыры маршруттары бойынша мұнай және мұнай қоспаларын тасымалдауда энергия үнемдеу саласындағы ғылыми жұмыстар. Жеңімпаздар: Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ректоры, академик Ескендір Бейсембетов, магистр Тимур Бекібаев, академик Ұзақ Жапбасбаев, академик Бақдәулет Кенжалиев, профессор Берік Саяхов пен академик Ербол Махмотов.



sputniknews.kz