Қазақстанда мектеп түлектеріне бітіру кешін ұйымдастыруға тыйым салынды – Қазақстан жаңалықтары

0

ҚР білім және ғылым министрлігі еліміздің аумағында 11 сынып оқушылары үшін мектеп бітіру кешін ұйымдастыруға тыйым салды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

бітіру кеші

3-4 маусымда 11-сынып түлектеріне аттестаттар табысталып, осы шара аясында соңғы қоңырау соғылады. Қазақстандық оқушылар үшін оқу жылы 25 мамырда аяқталып, сол күні 1-10 сынып оқушылары үшін онлайн форматта сынып сағаттары өткізіледі.

Қазақстанда мектептердің соңғы қоңырау өткізу үрдісін білім және ғылым  вице-министр Шолпан Қаринова түсіндірді. Сөзінше, биыл карантинге байланысты 3-4 маусымда салтанатты жиын мен аттестаттарды тапсыру бір күнде және әр бітіруші сынып үшін бөлек өткізіледі. Шара мектеп аумағында, ашық ауада, санитарлық нормаларды сақтай отырып ұйымдастырылады. Түлектер мектеп формасын киіп, бетперде немесе респиратор тағуы керек және бір-бірінен екі метр қашықтықты сақтауы тиіс. Салтанатты жиынға тек ата-аналар ғана қатыса алады, бөгде қонақтарды шақыруға тыйым салынады.

Оқу жылы дәстүрлі түрде 25 мамырда аяқталады. Бұл күні сынып жетекшілері 1-10 сынып оқушылары үшін онлайн режимінде, әр уақытта сынып сағаттарын ұйымдастырады. Іс-шараға шақырылған қонақтар, мысалы, ата-аналар, «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқитын жоғары оқу орындарының өкілдері және т. б. қатыса алады.

 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз