Қазақстанда «медициналық оқыс оқиға» ұғымы енгізіледі

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Заң жобасында кадрлардың үздіксіз кәсіби дамуын жұмыс берушінің есебінен қамтамасыз ету қарастырылған

НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым – Sputnik. Қазақстан заңнамасына «медициналық оқыс оқиға» ұғымы енгізіледі. Ал дәрігерлердің кәсіптік қызметіне араласқандар әкімшілік жауапқа тартылады. Бұл туралы сенат отырысында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сенаттың жалпы отырысында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекс жобасы бірінші оқылымда қаралды.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, заңнамаға «медициналық оқыс оқиға» ұғымы және оны айқындау механизмі енгізіледі.

«Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің кәсіптік қызметіне араласуға тыйым салу және араласқаны үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізу ұсынылады», – деді ол.

Сонымен қатар, мемлекет тарапынан медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау көзделген. Жергілікті бюджет есебінен біліктілік деңгейіне сәйкес қаржылай ынталандыру мен әлеуметтік қолдауға басым құқықтар бекітіледі.

Медицина персоналының біліктілігін арттыру мақсатында кадрлардың үздіксіз кәсіби дамуы, оның ішінде жұмыс берушінің есебінен біліктілігін арттыру қарастырылып отыр.

Денсаулық сақтау қызметкерлерін клиникалық, фармацевтикалық практикаға және санитариялық-эпидемиологиялық қызметке жіберу үшін сертификаттау көзделген.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда «дәрігердің қателігі» деген ұғым заңнан алынып тасталмақ

Сенат заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз