Қазақстанда маусымда ауа райы қандай болады: аптап ыстық, жаңбыр, бұршақ

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста бірінші онкүндіктің ортасында ыстық түнде 12-17 градусқа дейін, күндіз 30-35 градусқа дейін бәсеңдейді

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. «Қазгидромет» синоптиктері 2020 жылдың маусым айында ауа райы қандай болатынын болжады.

Маусым айының бірінші онкүндігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады – күн күркіреп, екпінді жел тұрып, өткінші жаңбыр, бұршақ жауады деп болжанып отыр.

«Бірінші онкүндіктің ортасында Қазақстанның солтүстік жартысында, кезеңнің соңында шығысында ауа температурасы түнде +12+20°С-тан +8+13°С-қа дейін, күндіз +27+35°С-тан +17+25°С-қа дейін төмендейді», – делінген хабарламада. 

Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында бірінші онкүндіктің ортасында ыстық түнде +17+25°С-тан 12+17°С-қа дейін, күндіз +35+44°С-тан +30+35°С-қа дейін бәсеңдейді. Осыған ұқсас жағдай айдың екінші және үшінші онкүндігінде қайталанады.

Республиканың батысында ауа температурасы түнде +13+18°С-тан +5+13°С-қа дейін, күндіз +23+33°С-тан +30+38°С-қа дейін құбылады.

Оқи отырыңыз: Биылғы жаз қандай болады – ауа райы болжамы жарияланды 

Бір ай бойы циклондар мен антициклондардың жиі ауысуынан жауын-шашынсыз ыстық күндер жауын-шашынды және найзағайлы салқын ауа райына ауысады.

Алдағы уақытта республиканың оңтүстік-батыс бөлігінде ең жылы күндер айдың ортасында болады, түнде ауа температурасы + 17 + 28 ° С, күндіз + 36 + 43 ° С.

«Солтүстік-шығыс жартысында екінші онкүндіктің соңы мен және үшінші онкүндіктің басына тура келеді, ауа температурасы түнде +15+20°С, күндіз +33+39°С болады», – деп хабарлады синоптиктер.

Бір ай ішінде орташа ауа температурасы Қазақстанның басым бөлігінде нормадан 1-2°С жоғары, Солтүстік Қазақстан облысында, Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстарының солтүстік жартысында норма шамасында болады деп болжанды.

Жауын-шашын мөлшері Қазақстанның басым бөлігінде норма шамасында, оңтүстік-батыс жартысында нормадан төмен болады.

 Айта кетерлігі, бір айға консультативтік болжам синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай түзетілуі мүмкін және онкүндік болжамдармен нақтыланады.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз