Қазақстанда коронавирустың таралуы қашан төмендеуі мүмкін — Қазақстан жаңалықтары

0

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда коронавирустың таралуы төмендейтін кезді айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Кінәлілер жазалануы тиіс»: Біртанов Атырау ауруханасында қайтыс болған 6 жасар қыз туралы

«Бәрін індеттің қанша уақытта кететіні қызықтырады. Ешкім білмейді деп айта аламыз, бірақ біз басқа елдердің қалай бұл індетпен күресіп жатқанын көріп отырмыз. Егер біз ең сәтті істі қолға алсақ, онда Оңтүстік Кореяның жағдайын көреміз. Олар екі апта ішінде індеттің таралу шыңына жетіп, қазір ақырындап төмендеп келеді. Қытайда бұл үш аптаға созылған», — деді Елжан Біртанов «Еуразия» бірінші арнасына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, жағдайдың таралуы мен тұрақтануы 3-3,5 аптадан кейін басталуы мүмкін.

«Бүгін біз Еуропа елдерін көріп отырмыз, күн сайын бақылап отырамыз және тұрақтандыру 3–3,5 аптада жүреді. Карантиндік шаралар өз әсерін тигізеді. Сондықтан карантинді ертерек бастамау керек, бірақ кеш басталмау да маңызды. Сондықтан, біз екі қалада карантиндік шаралар уақтылы, тіпті мерзімінен бұрын енгізілді деп санаймыз.Сіздер білесіздер, Еуропада карантиндік шаралар өте кеш енгізілді. Бұл үшін сын көп айтылды, сәйкесінше аурудың таралуы анағұрлым үлкен болды», — деді денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

Бүгінгі таңда елімізде коронавирустың 33 жағдайы расталды, оның 15-і Алматыда және 18-і Нұр-Сұлтанда.

 

stan.kz