Қазақстанда коронавирустың 313 жаңа симптомсыз тасымалдаушысы анықталды — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстанда 7 маусымдағы жағдай бойынша COVID-19 ауруының клиникалық белгілері жоқ 313 тасымалдаушы тіркелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус

Қала мен аймақтың статистикасы (жақшада тәуліктік өсім көрсетілген):

Нұр-Сұлтан-203 (+62)
Алматы — 135 (+40)
Шымкент — 180 (+49)
Ақмола облысы — 17 (+4)
Ақтөбе облысы — 17
Алматы облысы — 82 (+9)
Атырау облысы — 90 (+25)
Шығыс қазақстан облысы — 65 (+17)
Жамбыл облысы — 20 (+4)
Батыс қазақстан облысы — 166 (+30)
Қарағанды облысы — 139 (+37)
Қостанай облысы — 9 (+4)
Қызылорда облысы — 50 (+2)
Маңғыстау облысы — 76 (+5)
Павлодар облысы — 15 (+5)
Солтүстік қазақстан облысы — 46 (+6)
Түркістан облысы — 47 (+14).

Жалпы Қазақстанда симптомсыз тасымалдаушы саны — 1357. Олар жалпы статистикаға кірмейді. Мәселен, елде коронавируспен ауырғандар саны — 12 859 адам (симптомдарсыз тасымалдаушыларды есепке алмағанда). Емделушілердің саны 7376 адамға дейін өсті. Өлім жағдайы — 56.

 

stan.kz