Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандардың саны 111-ге жетті — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстандағы коронавирус бойынша 26 наурыздағы 21:00 сағ. жағдай. Вирусты жұқтырғандар саны 111-ге жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус

Қарағандыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың тағы 2 оқиғасы тіркелді. Бүгінгі күні елімізде коронавирусты тіркеудің 111 жағдайы расталды.

Оның ішінде: Нұр-сұлтан қаласында – 61, Алматы қаласында — 40, Қарағанды қаласында — 4, Шымкент қаласында — 2, Алматы облысында — 1, Ақтөбе облысында — 1, Жамбыл облысында-1, Солтүстік Қазақстан облысында — 1 адам.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстанда коронавирустан бір науқас көз жұмды.

stan.kz