Қазақстанда коронавирусты жедел анықтайтын тесттер қанша тұрады — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстанда коронавирусты анықтауға болатын жедел тесттердің бағасы қанша болатыны айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус

Мұндай ақпаратпен «Олимп» клиникалық-диагностикалық орталығы бөлісті. 

«Сәби» қорының қайырымдылық көмегі аясында ең алдымен тәуекел тобына кіретін пациенттерге тегін жедел-тест жүргізу жоспарланып отыр. Ол үшін таяу уақытта адресі белгілі болатын сайтта арнайы сауалнаманы толтыру қажет. Эпидемиологтар сауалнамаларды өңдеп болғаннан кейін тәуекел факторы бар пациенттер тесттен өтуге шақырылады», — делінген ресми хабарламада.

Жедел-тестілердің алғашқы топтамасы Қазақстанға жеткізіліп, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына 50 мыңнан беріледі екен. Тегін тестілеу жасалып болғаннан кейін Қазақстанның барлық қалаларында ақылы түрде жедел-тестілеу жүргізіледі. Оның болжамды құны 4 мыңнан 5 мың теңгеге дейін болады. Ақылы тестілеудің қашан басталатындығы басталатындығы қосымша хабарланбақ.

 

stan.kz