Қазақстанда коронавирустан жазылған екі адам ауруханадан шықты

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Қазіргі уақытта елімізде коронавирус жұқтырған 97 адам тіркеліп отыр, ең көп науқас Нұр-Сұлтан қаласында анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз – Sputnik. Қазақстанда екі адам коронавирустан емделіп, ауруханадан шықты. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Құрметті ағайын! Кеше айтқанымыздай, екі адам коронавирустан жазылып, ауруханадан шықты. Олардың біреуі Алматы, екіншісі Нұр-Сұлтан қаласында емделді», — деді Абаев онлайн брифингте.

Қазіргі таңда елімізде коронавирус жұқтырған 97 адам тіркеліп отыр.

Нұр-Сұлтанда – 55, Алматыда – 34, Қарағандыда — 2, Шымкентте – 2, Алматы облысында — 1, Ақтөбе облысында — 1, Жамбыл облысында -1, Солтүстік Қазақстанда — 1 адам.



sputniknews.kz